{metadescription}

Алматы облысында бюджетті түсімнен қаққан алаяқтар ұсталды

Алматы облысында ел бюджетіне 12 миллиардтан астам шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды. 10 алаяқ жылдар бойы ірі компанияларға салықтан жалтаруға көмектесіп келген. Мемлекеттік алымнан заңсыз жолмен әлдеқайда арзан бағаға құтылуға ниетті клиенттер де көптеп табылыпты. Енді жалған қағаздар арқылы қазына қаржысын ортайтқан алаяқтарды да, олардың қызметін пайдаланып салықтан жалтарғандарды да қатаң жаза күтіп тұр.

Бұл салықты төлеуден жалтарғандарға көмектескен есепшіні құрықтау сәті. 7 жыл бойы алаяқтықпен айналысқан топтың құрамында тағы 10 адам бар. Олар қағаз жүзінде компаниялар ашып, клиенттерімен сауда-саттық туралы құжаттар жасау арқылы алым-салықтан жалтаруға көмектескен. Яғни, жалған қағаз бойынша сатылды деген тауар ақысының 4 пайызын қалталарына басып, қалғанын клиенттерге қайтарып отырыпты.

Міндетті салықты төлеуден қашатын клиенттер де көптеп табылған. Ал алаяқтар бұл әрекеттерін жүзеге асыру үшін 7 жыл ішінде 70-тен астам компания құрыпты. Олар арқылы мемлекетке келген шығынның көлемі 12 миллиард теңгеден асады. Бір айта кетерлігі, мұндай әрекетпен айналысқандардың бәрі жоғары білімді азаматтар.

Жақсылық Мырзахан, Алматы облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің бас маманы:

- Мұны көбінесе жоғары білімі бар азаматтар, яғни экономикалық білімі бар азаматтар жасауға тырысады. Бұлар банк арқылы қандай да бір, қандай жолмен ақшаны қолма-қолға шығаруға болады және салықтан қалай жалтаруға болады екенін біле отырып, осындай қылмыстар жасайды.

Қазір ел бюджетіне қыруар шығын келтіргендер тергеушілер алдында жауап беріп жатыр. Енді салықтан жалтарған жүзден аса мекемені де, оларға көмектескен кәсіби алаяқтарды да қатаң жаза күтіп тұр.

Яғни, жылдар бойы қылмыс жасап келгендер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұған қоса, олар қазынаға келген шығынды қайтаруға міндетті. Жалпы, жыл басынан бері тек Алматы облысы бойынша жалған кәсіпкерлікпен айналысқан осындай 200-ден астам алаяқ құрықталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде