Елімізде POS-терминал жүйесіне көшу ісі аяқсыз қалған
Осыдан 3 жыл бұрын кәсіпкерлердің аталмыш құрылғылармен жабдықталуын міндеттеген шенділер жүйені жылдан-жылға шегеріп, ақыры ұмыт қалдырған сыңайлы.
Автор: Олжас Байжан
12.05.2016
POS-терминалдар мен жаңа үлгідегі кассалық аппараттар барлық сауда нүктелерінде 1-ші қаңтардан орнатылуы тиіс болған. Бірақ іс жүзіндегі жағдай ондай емес. Мәселен тек Алматының өзінде кассалық аппаратсыз жұмыс істеп жатқан 1700-ге жуық кәсіпкер. POS-терминалдар қою оларға міндеттелгенімен, бағасының қымбаттығы мен әр транзакция үшін шетелдегімен салыстырғанда 4 есе көп ақша ұсталатындықтан кәсіпкерлер асығыстық танытпаған. Бүгін олар тіпті кішігірім дүкендерде оның қажеті де жоқ деген пікір айтты.
Юрий Тілеумұратов, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры:
-Нан мен сүт алу үшін үйдің жанындағы дүкенге банк картасымен ешкім бармайды. Өз басым осы бастамаға қарсы болғанмын. Қазір кез келген адам қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жөн көреді. Ал кәсіпкерлер осыған бола пайдадан қағылып, жұмысында қиындықтар туындайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!