{metadescription}

Пластикалық бөтелкеден су ішу ракқа шалдықтырады

Бар пәле – пластиктен! Еліміздің бас онкологы пластикалық бөтелкелерден дерт тарап жатыр деп дабыл қағуда. Диляра Қайдарованың айтуынша, нақ осы ыдыс жұртты қатерлі ісікке шалдықтырады екен. Өйткені құты ашылған мезеттен бастап аса қауіпті заттар бөлетін көрінеді. Ал сусын өндірушілер өздері пайдаланатын пластик бөтелкелерді әбден тазалап аламыз деп ақталуда. Сусыннан басқа да өнімдер құйып сатылатын ыдыстағы ауру туралы Аруна Ортай толығырақ.     

Соңғы зерттеулердің нәтижесі елдегі онкологтарды алаңдатып отыр. Енді олар күні-түні жұртқа пластикалық бөтелкелерден су ішкізбеуді ойлап бас қатыруда. Өйткені, қатерлі ісікті қоздыратын зат сондай құтыдан табылыпты. 

Диляра Қайдарова, ҚР бас онкологы:

-Пластик «Бисфенол-А»  деген қауіпті зат бөледі. Зерттеу нәтижелері ол қоспаның сүт безі қатерлі ісігіне әкеліп соғатынын дәледеп отыр. Сол себепті, тұрғындарды ондай бөтелкелерден аулақ жүруге шақырамыз.

Былтырдың өзінде осы дерттен елде 1300 әйел көз жұмыпты. Бірақ бөтелкелер бөлетін қауіп ерлерге де төнуі мүмкін дейді дәрігер. Ал пластиктің бала денсаулығына зиянын, тіпті, айтып жеткізу мүмкін емес.      Десе де, пластик бөтелкелерге сусын құйып жұртқа сататын компаниялар дәрігердің сөзін жоққа шығарды. Бөтелкелер сөреге түспес бұрын әбден тексеруден өтеді дейді олар. Ал одан кейінгі жағдайына тұтынушының өзі жауапты екен. 

Элдар Шиндабади, компания вице-президенті:

-Бөтелкелердің барлығы қатаң тексеруден өтеді. Сертификаттары, рұқсат құжаттары түгел. Ішіне сусын құймас бұрын залалсыздандырамыз. Бөтелкелердің сапасында күмән жоқ. Тек оны дұрыс сақтау керек. Өйткені күн сәулесі түскен жағдайда тағам да бұзылады.

ндіруші өзімдікі дұрыс дегенімен, бөтелкелер де өз ішінде «бөлінеді» екен. Оның арнайы белгісіне қарап, қауіпсізін ажыратуға болады. Мәселен, «РЕТ»-дегені ауыр металдар бөледі, іші бактерияға толы бөтелке. «НDPE» - қауіпсіз, экологиялық таза. V/PVC зиянды қоспа бөледі. LDPE-қауіпсіз делінгенімен, жүрекке зиян. PP-ең қауіпсізі. PS-тамақ сақтауға жарамсыз. PC – ең қауіптісі, құрамында химиялық қоспа бар.

-Міне, үлкен де кіші де ішетін айран. Бұның бөтелкесінің түбінде «РЕТ» деген жазу тұр. Ал мынау міне сүт өнімі. Бұл да пластикалық бөтелке ішінде және бұл жерде ешқандай белгі жоқ. Тіпті, жазу да жоқ. қандай пластикалық бөтелке екені түсініксіз.

Яғни, кейбір сусындар ауыр металдар бөлетін бөтелкелерге құйылған. Тек йогурт пен балық салынған пластик қана қауіпсіз болып шықты. 

-Мен де пластикті күнделікті өмірде жиі пайдаланатын тұтынушылардың бірімін. Пластиктен мен су ішемін, әрі тамақ та жеуім мүмкін. Дәл қазір еліміздің осы саладағы ең жоғары санатты дәрігері мені тексеріп, дәл менде сүт безінің қатерлі ісігі бар ма жоқ па осы жерде айтып береді. Ендеше, тексеруден өтіп көрейік!

Асхат Құлтаев, онколог-дәрігер:

-Сізде қатерлі де, қатерсіз де ісік жоқ! Сүт бездерінде ешқандай ісік жоқ! Таза!

Десе де енді, пластик ыдыстан анықталған астыртын аурудан соң онколог-дәрігерлер өндірушілерге бөтелкелерге арнайы белгіні ұмытпай жазуды міндеттемекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.