Алматы облысында жоғалып кеткен шетелдік туристер табылды
Ресейден келген қос келіншек соңғы рет осыдан 5 күн бұрын байланысқа шығыпты. Сөйтсе, олар Көксу өзенінің бойындағы шатқалдарда адасып кеткен.
Автор: Олжас Байжан
12.05.2016
Іздестіру жұмыстарына 50 құтқарушы мен 7 арнайы техника жұмылдырылды. Құтқарушылар тауды жаяу араласа, тікұшақ көмегімен әуеден барлау жүргізілген. Туристер 2-ші мамырда Новосібір қаласынан келіп, Көксу өзенінің бойымен жаяу саяхатқа шыққан екен. Бірнеше күннен соң өзін жайсыз сезінген екі келіншек кері қайтып, ақыры адасып кеткен. Олардың топтан ажырап қалғанын байқағандар дабыл қағыпты.
- Құтқарушыларға айтар алғысымыз шексіз. Олар аймақтың барлығын тексеріп шығып, бізді бірден іздей бастады. Үстімізден тікұшақ ұшып өткенде байқамады деп ойладық. Бірақ, кері айналып келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!