{metadescription}

Алматыда Ілияс Байбосыновтың концерті өтеді

Алматыда ондаған хит әндердің авторы Ілияс Байбосыновтың концерті өтеді. Санаулы күндер қалғанда бұл шараға дайындық қыза түскен.

Қызыққа толы кеште халықтың сүйіспеншілігіне бөленген өнерпаздар сахнаға шықпақ. Олардың қатарында Мәдина Садуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Серік Ибрагимовпен және «Нұр-Мұқасан», «Азия» топтары бар. Бұған қоса, біраз уақыт бойы әннен қол үзіп қалған Қайрат Түнтеков те осы кештің атауы берілген «Мөлдір тұнық көздерің» әнін шырқайтын болады. Сонымен қатар, Ілиястың өзі де жаңа туындыларымен көрерменді қуантпақ. Айтулы кеш алдағы дүйсенбіде Республика сарайында өтеді.

Ілияс Байбосынов, әнші-сазгер:

- 16 мамыр менің концертіме келіңіздер, көріңіздер! Әрқашанда өзіміздің бауырларымызды, өзіміздің қазақтарымызды өзіміз қолдамасақ, бізді ешкім қолдамайды. Сол үшін де әдемі кештің куәсі болуға шақырамын баршаңызды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде