{metadescription}

КТК ең танымал түрік сериалын көрсетуді бастады

Зорланған қыздың тағдыры! КТК көрермендерінің өтініші бойынша тағдыры тәлкекке түскен бойжеткен туралы ең танымал түрік сериалын көрсетуді бастады. Ары тапталғанымен қоймай, көпшіліктің күлкісіне қалған ару нендей қасіретті бастан кешірді? Бұзақыларды қалай жазалады? Бұны «Фатмагүлдің жазығы не?» сериалынан білесіздер.        

Алаңсыз өмір сүрген қарапайым ауыл қызы. Арманы – сүйіктісіне қосылып, ақ босаға аттау. Бірақ әне-міне орындалғалы жатқан бұл арманның бір-ақ түнде быт-шыты шығады.   

-Тоқта, тоқта!

Сүйіктісімен кездесуге асыққан қызға масайып алған бір топ жігіт тап болады. Ақылынан адасқандар ақыры бойжеткенді зорлап тынады.   

-Жібер! -Арақ әкел, бол, тез

Төрт бұзақы таң атқанша қызыққа батқан. Қызды есінен танғанша қорлағандар түк болмағандай үйді-үйлеріне тарайды. Ал Фатмагүлді ауылдастары тек ертесіне жағалауда тұра алмай жатқан жерінен тауып алады.     

-Құдайым-ай, қай айуан мұны істеген??? Қазір шыдай тұр, қызым, мықты бол, жаным!!!

Сорақысы сол, зорланған қыздың өзі ақыр аяғында кінәлі болып шығады. Өйткені оның намысын қорлағандар кілең бай-бағланның еркетотай ұлдары екен. Көкірегі өксікке толған кедей қыздың басы өсекке қалып, тіпті құда түсіп қойған жігіті де одан теріс айналады. 

Осылайша Фатмагүл адам төзгісіз жағдайға душар болады. Түркиядағы осы атышулы сериал көрсетілімге шыққан сәттен бастап қоғамда үлкен пікірталас тудырған. Байлығы қанша асса да, өзіне жәбір көрсеткендерді сотқа сүйреген нәзік жанның мықтылығы басқа әйелдерге де күш берген. Басты рөлде  – әйгілі түрік әртісі Берен Саат. Таңдаулы туынды дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 19,25-те, сенбі жексенбі сағат 16,00-де қайталаумен КТК арнасында көрсетілімін бастады. Түркияда резонанс тудырған телехикаяны сіздер де өткізіп алмаңыздар.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде