{metadescription}

Талғат Ермегияев: Бюджеттің бір тиынын да ұрламадым

Сот алдында жауап беріп жатқан «Экспоның» бұрынғы төрағасы өзіне тағылған бірде-бір айыпты мойындаған жоқ. Талғат Ермегияев негізссіз жаланың құрбаны болдым деп отыр.

Қайта Қазақстанды әлемге таныту үшін маңдай терімді аямай төктім дейді Ермегияев. Ал орынбасарлары , бизнесмендер, оққағары мен көмекшілері тергеушілердің қысымына шыдамай өтірік жала жапты деген пікірде. Тіпті ұлттық компанияның экс-басшысы Елорда шетіндегі қымбат коттедждер, элиталық пәтерлер, жер телімдері мен аңшылыққа арналған демалыс орны «менікі емес» деп басын ала қашты. Алайда, жемқорлыққа қарсы агенттіктің айғақтары бар. Тергеушілер Талғат Ермегияев сыбайластарымен бірігіп, қазынаның 10 миллиард теңгесін ұрлағанына сенімді. Айыптау материалында, тендерді ұтқан кәсіпкерлер 4 миллиардтты Ермегияевқа пара ретінде бергені жазылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.