Семейде педофил әріптесін жасырған директор сотталуы мүмкін
Семейде педофил-тәрбиешінің әрекетін жасырған интернат директорының басына қара бұлт үйірілді. Оған қызметіне салғырт қарады деген айып тағылып отыр. Зейнет жасындағы басшысыға қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Автор: Ұлан Нұрахмет
13.05.2016
Серікбек Әбілқасымов №5-ші интернатты 30 жылдан аса уақыт басқарған. Ал тәрбиеші Борис Сополев ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетімдерге 17 жыл бойы қорлық көрсетіп келіпті. Осы уақыт ішінде одан жәбір көрген 10 бала директордан талай мәрте жалынып көмек сұраған екен. Бірақ басшы қол астындағы 43 жастағы қызметкерінің қылығына мән бермеген сыңайлы. Енді қылмысты біле тұра жасырғаны дәлелденсе, біраз жыл бостандық көрмеуі мүмкін. Ал 20 жылға сотталған Сополев 8-ші мамырда абақтыда асылып өлген.
Саян Дүйсебаев, Семей қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:
-Қылмыстық кодекстің 371 бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бірақ, жетекшілердің айыпты немесе кінәлі еместігі алдын ала жүргізіліп жатқан тергеу біткеннен кейін белгілі болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!