{metadescription}

Жамбыл облысында таудан аққан тасқын тұтас ауылды шайып кете жаздады

Тасқын сумен ауыл боп алысқан! Жамбыл облысының Қордай ауданында бүтін бір ауыл таудан аққан тасқынның астында қала жаздады. Тек, табылған жалғыз трактор мен тұрғындардың жұмыла қимылдауымен апаттан аман қалыпты. Қазір қызыл су ауыл ортасында өзен боп ағып жатыр. Бір түрде топан су шая жаздап, үрейлері ұшқан жұрттың жанайқайын тілшіміз Ербол Тұрымбет тыңдап келді. 

-Міне, мына картошкаларды қараш, қандай обал?! Сенбесеңіздер қараңыздар. Ағызып кетті, ағызып кетті. Еңбегімнің бәрі далаға кетті.

Қалибүбі апайдың картоп еккен бақшасының бір бөлігі тас аралас құмға көміліп, жайрап жатыр. Түнжарымда басталған қызыл судың әлегі осындағы біраз үйді әуреге салған. Ағын суды көргендер қорқынышпен еске алады.

Жомарт Исаев, Қарасай ауылының тұрғыны:

-Қап-қара боп ағып келгенде адам шошиды судан. Судың өзінің даусы да жаман естіледі екен.

Табиғи апаттың қалай болғанын тұрғындар телефонға түсіріп алыпты. Сай саланы қуалай келген топан су аула-бақшаны түгел басып қалған.

Осынша су көшкінімен ауылдықтар жалғыз трактордың көмегімен алысқан. Тек, тасқын судың зардабы тұрғындардың үрейін ұшырса да, ауыл әкімінің селқос көңіліне әсер ете алмаған екен. Тау суынан еш қауіп жоқ деген ол соншалық шығынға батып жатқан ешкімді көрмепті.

Жандос Алтынбаев, Қарасай ауылының әкімі:

-Судың бәрін бөгеп, арнаны  жөндеп, ешқандай үйлерге суды кіргізбедік, жол бермедік. Қазіргі күнде техниканың бәрі дайын тұр.

Қарқыны қатты судан аяқ алып жүру мүмкін емес. Мұндай ағын судан қорғану үшін ауыл тұрғындары арнайы техникаға зәру. Олар тіпті, осындай қиын сәтте қорған бола алмаған тиісті орындарға сенуден де қалған. Сондықтан, алдағы жылы да күндері жалғыз тракторға қарап қалмас үшін, ауылдықтар түгел жиналып, білек сыбанып, арнайы арық қазуға кіріспекші. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде