{metadescription}

Елімізде «Бала дауысы» Ұлттық ән байқауы басталды

Елімізде жеткіншектер арасында алғаш рет «Бала дауысы» Ұлттық ән байқауы басталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған теңдесіз жобаны «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырып отыр. Тұңғыш Президент қоры да қолдау көрсеткен. Байқаудың ақтық сынына жолдама алатын талантты балаларды белгілі әнші-сазгерлер таңдамақ. Олар 3 ай ішінде еліміздің түкпір-түкпірін аралайды. Ал, байқаудың ашылуына орай өткен гала-концертті 22 мамырда біздің арнадан тамашалай аласыздар.

«Бала дауысы» - елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған ән байқауы. Талантты жеткіншектерді іздейтін кең ауқымды жобаның шымылдырығы Алматыда түрілді. Ашылу салтанатына орай өткен қайырымдылық концертіне жобаның бас продюсері әрі идея авторы Әлия Назарбаеваның өзі қатысып, тұсауын кесті. Мұнда тәлімгерлердің баратын қаласы жеребе арқылы анықталды.

- Бірер сәттен соң, Атырау қаласына аттанатын жұлдызды тәлімгердің есімі анық болады. Жұбаныш Жексенұлы.

Осылай әнші-сазгерлер 16 аймақты өзара бөлісіп алды. Енді таланттарды іріктеу 23-ші мамыр мен тамыздың 10-ы аралығында жүргізіледі. «Бала дауысының» жартылай финалына 16 жеткіншек қатыспақ.

Мұрат Исаханов, «Жандану әлемі» қорының басқарма төрағасы:

-Бұл әлеуметтік жоба. Байқауға келген баланың жасы 7-ден 13-ке дейін. Музыкалық білімі болмаса да, балаларды бәріміз күтеміз. Балалар келсе, жүрегімен ән айтса, біз оған риза боламыз.

Ұлттық байқаудың басты мақсаты – әр тілдегі, тек балаларға арналған әндерді көбейту. Еліміздегі теңдесі жоқ жобаға қатысушылар өз жастарына сай әрі жаңа әндерді ғана шырқайтын болады.

Толқын Забирова, әнші:

-Балаларға әдейі жаңа әндер жазылып жатыр. Балалар түсінетін әндер жазылып жатыр.  Мына балалар есейіп тұрған адамның, махаббат туралы, сондай бір ауыр әндерді айтуға тырысады. Ол меніңше дұрыс емес.

Ал, жүзден жүйрік шыққандар жолдама алатын финал қазанның 27-28-і аралығында өтпек. Үздіктерге «Жандану әлемі» қоры түрлі сыйлықтар дайындап отыр. Ал балалардың тұңғыш ұлттық байқауы 15-ші тамыздан бастап КТК арнасынан көрсетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде