Жамбыл облысында жұрт танымал кәсіпкерді «әруақты қорлады» деп айыптады
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары жергілікті кәсіпкерді «әруақты қорлады» деп айыптауда. Айтуларынша, бизнесменнің қолдан жасаған көлінен асқан су Тұрар Рысқұлов ауданы Каменка ауылының шетіндегі зираттарды қиратқан. Қазірдің өзінде ондаған қабір жермен-жексен болыпты.
Автор: Руслан Әбдіхалық
16.05.2016
-Дәл осы жерден кәсіпкер демалыс орынан ашуды жоспарлаған. Сөйтіп екі айдан бері терең сайға су толтырып, мұнда балық та жіберіп қойыпты. Алайда бір жетіден бері толассыз жауған жауыннан көлшіктің деңгейі бірнеше метрге дейін көтеріліп, жотадағы зиратқа қауіп төндірген. Жұрттың айтуынша, тіпті қабірлерге су құйылып опырылып жатыр екен.
Ең алғаш дабыл қаққандардың бірі – Марат Тәнекеев. Оның шыр-пыр болуы бекер емес. Өйткені жақындары жерленген қабірлер шетінен қираған. Бір ай бұрын әкесінің мәйіті жатқан көрдің төбесі ойылып астына түссе, артынша өзге туыстарының да бейіттері жермен -жексен болыпты.
Жұрт қорымдардың көлдегі судан жаппай қирап жатқанына сенімді. Талай тасқын мен жер дүмпуіне төтеп берген бейіттер сайға су жиналғаннан бері бүліне бастаған. Сорақысы зираттың етегіне келген суды бөгемек болған кәсіпкер, төмендегі ескі бейіттерді де көміп тастапты.
Бестай Қалымбетов, Каменка ауылының тұрғыны:
-Мыналар төгілмей тұрғанда, осы жерде ескі бейіттер болған. Ана жердегі біреуіне жаңа аяғымыз түсіп кетті, бұл жерде болған ескі бейіттер. Міне жатыр ғой былқылдап. Көміліп кетті.
Ауылдықтар зират маңынан демалыс орнының ашылуына наразы. Мұндай жерде ішімдік құйылып, жын-ойнақ болатыны айтпаса да түсінікті.
Мейілхан Әуесбаев, Каменка аулының тұрғыны:
-Соны көріп отырып халық шыдайды ма, шырылдап жүгіріп жүр. Біреуінің әкесі, біреуінің анасы, біреуінің атасы бабалары жатыр. Әруақты сыйлау керек қой.
Ал кәсіпкер өзін кінәсізбін дейді. Айтуынша, көлдің деңгейі қанша көтерілгенімен су қабірлерге жетпеген. Қорымдардың бүлінуіне нөсер жауын себеп екен. Дегенмен зираттың төңірегін бөгеп беруге уәде етті.
-Кости моих родителей обмылись или нет?
-Да не обмылись!
-Копай тогда, будем вместе копать!
-Не буду я копать.
-Если здесь воды не будет, мы все здесь у тебя извинения попросим!
-Юра! Не надо мне извинений. Я, как мужик, сказал сделаю, сделаю!
Бұқара мәселені бейіттердің маңына тас төсеп қана шешуге қанағаттанбай отыр. Сондықтан көлдегі суды ағызып жіберуді талап етуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!