Алматыда 48 жерден пышақталған сатушы аман қалды
Алматыда қарақшы 9 мың теңге үшін дүкен сатушысын қан-жоса қылған. Қазір ұсталған 24 жасар күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.05.2016
Өлім аузынан қалған Гүлбаһар Асанова осы. Дәрігерлер 48 дене жарақатының тек 21-ін тігіп беріпті. Енді бірер күнде ауруханадан шығарылмақ. Ал әлгі жігітті не жын қаққанын өзі де түсіне алмай отыр. Дүкен маңындағы кәсіпорында жұмыс істейтін оны Гүлбаһар бұрыннан таниды екен. Түс кезінде зат алмақшы боп келіпті де, аяқастынан тарпа бас салыпты. Тек кассадағы 150 мың теңгенің неліктен тек 9 мыңын алғаны да түсініксіз. Қазір оқиға болған дүкен аса сақтыққа көшкен. Есігін тарс жауып, тұтынушыларын терезеден қайтарып жатыр. Ал үндемей жүріп үйдей бәле шығарған басбұзар қамауда отыр.
Гүлбаһар Асанова, жапа шегуші:
-«Самса» алам деді, «кола» алам деді. Сөйтіп, «коланы» берейін деп тоңазытқыштан алайын деп жатсам, мені жатын бөлмеге кіргізіп, пышақтап тастады. Сосын үстімді көрпемен жауып тастап кетіп қалды Мені «өлді» деп кетіп қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!