{metadescription}

Оралда лауазымды полицей әріптесін алдап соқты

Тәртіп сақшысы әріптесін алдап соққан! Оралда жергілікті полиция бөлімінің бастығы Берік Тілеулиев «кезектен тыс баспана алуға көмектесемін» деп қол астындағы қызметкер әйелді сазға отырғызып кеткен.

Әріптесі алаяқ деп айыптаған азамат күні бұрын ғана жұртқа жақсы жағынан көрініп, журналистерге осылай сұхбат беріп жүрген. Берік Тілеулиев мемлекет есебінен пәтер мәселесін шешуге көмектесемін деп келіншектен 1 млн теңге алыпты. Ақыры не баспана жоқ, не алған ақшасын қайтармаған. Опық жеп қалған қызметкер бастығының үстінен арыз түсіреді. Қазір прокуратура алаяқтық бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктінің өзі кепіл ақшамен бостандыққа жіберілген.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде