{metadescription}
Петропавлда базар өртенді
От кешкі мезгілде тұтанғандықтан, іште сатып алушылар да, саудагерлер де болмаған. «Дәрия» базарын сырттағы қоршауларының түсіне бола, жұрт оны «көк базар» деп атайды. Өрт сөндірушілер дер кезінде келгенімен, сауда орнының шатыры мен бірнеше павильоны жанып кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 11 машина мен 40-тан аса адам жұмылдырылған. Қазір оттың неден тұтанағаны және шығын көлемі анықталуда.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
16.05.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!