{metadescription}

Атырауда үйлерін су басқан жұрт шенеуніктердің жайбасарлығына өкпелі

Жайықтың жағасындағы атыраулықтар өр суынан емес, нөсерден зардап шегіп отыр. Мамыр басталғалы бері толасыз жаңбыр тұрғындарды әбігерге әбден салып қойды. Жауын суының кесірінен үйлердің қабырғалары құлап жатыр. Қазырдың өзінде тиісті орындарға 300-ден астам атыраулық хабарласып, көмек сұраған.

Қайрат Жұмағалиевтың ескі үйі қар ерігелі суда тұр. Арнайы техникамен бірнеше рет сорғызса да, пайда жоқ. Мамыр басталғалы толастамаған жауын өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедектің жағдайын одан әрі қиындатыпты. Ал көмек сұрап хабарласқан жергілікті шенділерден пайда шамалы.

Қайрат Жұмағалиев, Атырау қаласының тұрғыны:

-Сырттан бір машина, екі машина сорады, кетіп қалады. Судың ішінде отырмын.

75 жастағы жалғызбасты Надежда Ухованың да жағдайы мәз емес. Баспанасына су кірген соң жылыту пеші де істен шығып, үй ішін сыз басқан.

Надежда Ухова, Атырау қаласының тұрғыны:

- Ешқандай көмек жоқ. Қыстан аман шығып едім, енді суға кеттім,туыстарымның үйіне барып келдім бір-екі рет, бірақ қашанғы жүрем солай?

Жергілікті шенділердің де бұл ретте өз уәждері бар. Сөздеріне сенсек, қаладағы су басқан 300-ден астам тұрғынжайдың барлығына мүмкіндігінше көмек көрсетіліп жатыр. Тіпті сенбі, жексенбі күндері де күн-түн демей, су басқан үйлерді аралап, тізімдерін алыпты.

Амантай Айтбаев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:

-Қазір ішіне дейін су кіріп кеткен 283 үйдің мәселесін қарастыруда. Олардың екінші баспаналары бар ма, жоқ па, отбасылық статусы қандай, қанша адам бар? Соның бәрін анықтаймыз. Бұл зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында жасалып жатыр. Көмек осы айда беріле бастайды.

Дегенмен, үйлерін су басып, барар жері қалмағандардың саны әлі де артуы мүмкін. Өйткені, ауа-райын болжаушылар мамырдың аяғына дейін Атырауда жауын-шашынды болады деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.