Алматыда автобустарға арналған тағы бір қосымша жолақ пайда болды
Енді қоғамдық көліктер Райымбек даңғылының бойымен де кедергісіз жүйтки алады.
Автор: Диас Нұрақын
17.05.2016
Қазір көше бойына қажетті белгілер қойылып, жолақтар сызылып жатыр. Жалпы ұзындығы 13 шақырымға созылады. Яғни Саяхаттан басталып, Алтын Орда базарына дейін. Сондықтан бұдан былай Райымбек даңғылының бойына көлік қоюға да рұқсат жоқ. Бірақ ереже бұзған жүргізушілер тек 15-ші маусымнан бастап жазаланбақ. Алдағы уақытта автобустарға арналған жолақтар Төле би, Тимирязев, Желтоқсан, Наурызбай батыр, Гоголь көшелерінің бойында да пайда болады. Осылайша қала билігі 1-ші шілдеге дейін қоғамдық көліктерге арналған жолдарды көбейтіп, көлік нөпірін азайтуды көздеп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!