Петропавлда спорт ойындарына ақша тігуге құмар жігіт дүкен тонады
Бетперде киіп келіп, сатушыға пышақ тақаған ол кассадағы бүкіл қаржыны тартып алыпты. Ал ұрлаған ақшаны сол күні-ақ букмекерлік кеңседе ұтылып тынған.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
17.05.2016
Әбден шошып қалған әйел бет-жүзін көрсетуге қорықты. Оның үстіне, күдікті қолхатпен бостандыққа жіберілген екен. Қолды қылған 60 мың теңгені сүйікті футбол командасының ойынына тігіпті. Алайда ақша қойған клуб жеңіліп, бүкіл қаражаты күйіп кеткен. Енді қылмысқа барған жанкүйер 7 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.
-Жасағаныма өкінемін. Ақша керек болған соң осындай әрекетке бардым. Енді қайталанбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!