{metadescription}

Алматы халқы үйлерін сапасыз қабылдап алған шенеуніктермен шекісіп қалды

Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйде малмандай су болды! Алматыда қолжетімді баспана алған тұрғындар жаңбыр жауса далада түнеуге мәжбүр. Бұрын төбеден сорғалаған су енді нөсерден соң жертөлеге де жиналатын болыпты. Сапасыз үйдің жыры негізі талайдан бері айтылып жүр. Бүгін тіпті сол үйді қалай болса солай салған мердігер құрылысты қабылдап алған шенділермен жұрттың көзінше шекісіп қалды.   

-Қазір түн ортасы, бірақ бұл үйдің тұрғындарында ұйқы жоқ. Толастамай жауған жауынның салдарынан құрылысы жаңа аяқталған үйдің төбесінен су ағып, жертөлесіне дейін барлығын жауын суы басқан.

«Мамыр» ықшамауданындағы қолжетімді баспанаға қырылысып жүріп, қолы әрең жеткен тұрғындардың мәселесі әлі бітпей жатыр. Жауынның жауғаны сол еді, терезеден сорғалаған су кейбіреулердің жатқан төсегіне дейін өтіп кеткен.   Мұнда іште де жауын жауып тұр деуге болады. 16 қабатты ұстап тұрған бетон тұрғындарға пана бола алмаған. Бітеу жері тесіліп, жаңа үйдің жыртығы көрініп қалды. 

Мәлика Құлжанова, Алматы қаласының тұрғыны :

-Жалынамыз, көмектесіңіздер! Асты-үстімізден су ағып жатыр. Үйді бұлайша сапасыз салған құрылысшыла қандай да жазаға тартылуы керек керек қой. Үйдің бәрі мемлекеттік бағдарламамен салынған.

Мемлекеттік үйде малмаңдай су болған жұртқа шенеуніктер ұйқысынан оянып келген. Су сорғалаған ғимаратты соққан бас мердігер –«АГС-Пласт» құрылыс компаниясын сыбап алмақ та болды жұрт. Бірақ ақыр аяғында үй салған жақ қабылдағандарды, яғни әкімдікті кінәлап, қос тарап халықтың көзінше айқайласып қалды.    Десе де, жұрттың көзінше салғыласқандар, болған жайтты қала әкімі Байбекке жеткіземіз деп жайбарақат тарасты.

Жарас Жақанбаев, Әуезов ауданы тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

-Қазіргі уақытта қала басшылығына аталған бүкіл сұрақтың бәрі жеткізіледі.  Жаңбыр толастап болғаннан кейін зерделеніп, қалпына келтіру жұмыстары қолға алынуы керек.

Ал бұл – жаңбыр суымен алысып таңды атырған «Алғабас» тұрғындары. Мемлекеттік бағдарламамен үй алғандарына әлі бір жыл толмаған халықтың дүние-мүлкі малмандай су.  

-Армандап, жылап еңіреп, тірнектеп жинаған еңбегіміздің ақшасына алынған мынау үйіміздің түрі.

Қасымжан Тоқтарқұлов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Неге Үкімет өзінің қолына алмайды үйдің сапасын тексеріп? Кезінде тапсырғанда неге қарамаған? Мен соған таңқаламын!

Осылайша, басына пана болар баспанаға енді жеттім бе деген халық бір жауында сорлап қалды. Мемлекеттік бағдарламаға сеніп, енді соның  зардабын тартқан бұларға шенеуніктер жағдай сұрап та келмеген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде