Мәжілісте балабақшалардағы жемқорлық мәселесі көтерілді
Аурухана, емханадан бөлек тағы бірқатар мемлекеттік қызмет кәсіпкерлердің қолына өтеді. Ұлттық экономика министрлігі бизнесмендерге берілетін нысандардың жаңа тізімін жасап жатыр.
Автор: Жәудір Оразхан
17.05.2016
Мәселен, мемлекеттік мекемелердегі кеңсені тазалау, тамақтандыру, күзет қызметі және ақпараттық технологиямен қамту, бугалтерлік есеп-қисап, заңдық кеңес беру сынды бірқатар міндеттерді жеке кәсіпкерлер атқармақ. Тіпті тауардың сапасын растайтын сертификат беру де бизнесмендерге жүктеледі. Бірақ, қызметтің барлығын Үкімет белгілеген стандартқа сай жүргізуі тиіс. Егер игере алмаса, мемлекет қызмет түрін кері қайтарып алады. Жүз нақты қадам бағдарламасына сай жасалған жаңа жобаны Ұлттық экономика министрлігіндегілер бүгін Мәжіліске таныстырды. Депутаттар да өз ескертулерін жасап, кәсіпкерлерге мүлдем беруге болмайтын салаларды атады. Айтуларынша, мәселен, қорғаныс, бала тәрбиесіне қатысты қызметтер үнемі мемлекеттің тікелей жауапкершілігінде болуы тиіс.
Сапар Ахметов, Мәжіліс депутаты:
-Балабақшалардың басшыларын, бухгалтерлерді осы коррупция жағына жақындатып алдық. Олар сатып алумен айналысуы керек. Жұмалап, айлап басшылар сол мәселе бойынша тексеруде жүреді. Бала тәрбиесі, басқа мәселе жайында қалып қояды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!