Елімізде сәбилердің шетінеуі жиілеп кеткен
Елімізде бір жасқа дейінгі сәби өлімі күрт артқан! Тіпті биылдыққа мыңнан астам бейкүнә шақалақ шетінепті.
Автор: Досжан Маратұлы
17.05.2016
Яғни, өлім-жітім 12 пайызға артқан. Бөбектердің басым бөлігі перзентханаларда шетінеген екен. Қалғаны түрлі дерт пен оқыс жағдайдың кесірінен көз жұмған. Бала мен қатар ана өлімі де өршіп барады. Әсіресе, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жағдай қиын. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі осы өңірлерге ерекше көңіл бөліп отыр. Бір жағы мамандар қаралы статистиканың артуына аналардың өздерін де кінәлайды.
Эльмира Ахметова, Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басшысының орынбасары:
-Сәбидің аман есен тууы ең алдымен ананың денсаулығына байланысты. Әрі жүктілік кезінде ішіндегі баласына ерекше көңіл бөлуі тиіс. Бізде аяғы ауыр келіншектердің біразы дәрігерге уақытында қаралмай жүре береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!