{metadescription}
Алматыда қатты нөсерден жолдар қирап, көшелерді су басты
Алматыда қатты нөсерден жолдар қирап, көшелерді су басты

Алматыда қатты нөсерден жолдар қирап, көшелерді су басты

Толассыз жауын толарсақтан су кештірді! Алматыда апталап жауған жаңбыр суы көшелерді көл қылып, кей жерлерде жаяу жүргіншілер суға батып жатыр. Кей аудандарда асфальт жолдар қопарылып қалған. Жалпы жауын суы қала бойынша 130-дай үйді шайған. Ал қала басшылығы арық желілерінің тек көк шалғынды суаруға арналғанын, сондықтан мұндай тасқын суды көтере алмайтынын ашық айтып отыр.

Алматыда осымен екінші апта қатарынан араға күн салмай ақ жауын құйып жатыр. Арыққа сыймаған су көшелер мен аулаларды түгел басқан. Көктемгі жаңбырға еті үйренген жұрт бұған мән бермейін десе, қызыл судан көліктер әрең қозғалып, біреулері суға батып жатыр. Ақ жаңбыр қозғалысқа да кесірін келтірмей қоймады. Қаланы шеткері тұрғынжайлармен жалғайтын мына жолда қазір көлікпен жүру мүмкін емес.

-Мұндағы қопарылған жолдың жалпы ұзындығы 40 метрге шамалас. Ылғалдың салдарынан топырақтың астыңғы бөлігі тайып, едәуір лай көшкіні жүрген. Маңайдағылардың айтуынша, мұнда табиғи апат жиі қайталанады екен. Тіпті, былтыр ғана салынған асфальт төсемдерінің өзі осылай күл-талқан болып жатыр.

Жағдайдың мұнша күрделену себебі, биылғы жауынның тым көптігінен. Мамыр айындағы жауын мөлшері жылда 100-109 мм шамасында болса, биыл айдың жартысы өтпей жатып 179 мм-ге жетіпті. Ал бұған арық жүйелерінің мүмкіндігі жетпейтінін қала билігі мойындап отыр.

Дәурен Нұрдәулетов, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

-Арыққа мұнша су мөлшері сыймай жатыр. Өйткені,біздегі арықтар тек көк желекті суғару мақсатында салынған. Тұрғындарды тасқыннан құтқару үшін барлық аудандарда жедел топ құрылып, қалада 300 адам мен 70-тен аса техника тоқтамай жұмыс істеуде.

Дегенмен, екі аптадан бері аспанды торлаған қалың бұлттың әзірге сейілетін түрі жоқ. Синоптиктер ауа райының әлі де ушығатынын болжап отыр.

Бибігүл Бекмырзаева, «Қазгидромет» РМК синоптигі:

-Алдағы уақытта біз 18-мамыр күні күтеміз. Түнгі уақыттарда қатты жауын болуы мүмкін таулы аудандарда және Алматы облысы бойынша кей жерлерде қатты жаңбырды күтіп отырмыз.

Кешегі жауынның суы қала бойынша 127 үйді шайған. Ағаштар опырылып, бірнеше көлікті зақымдапты. Ал қала биілігі биыл 15 шақырым арық арналарын жөндемекші. Ол үшін 400 миллион теңге бөлінген. Бірақ, ол жұмыстың өзі айдың аяғында ғана басталмақ. Демек, мамыр соңына дейін еліміздің ең ірі мегаполисі тағы біраз судың астында қалайын деп тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде