{metadescription}
Алатаудың бауырын мекен еткен аң-құсқа санақ жүргізілетін болды
Алатаудың бауырын мекен еткен аң-құсқа санақ жүргізілетін болды

Алатаудың бауырын мекен еткен аң-құсқа санақ жүргізілетін болды

Іле Алатауы ұлттық табиғи бағының қызметкерлері алдағы үш жылда қорық аумағындағы жан-жануаралар әлемін түгел зерттемекші. Әсіресе, олар «Қызыл кітапқа» енген хайуанаттардың нақты санын анықтауды басты міндет санайды.

Бұл туралы бүгін Ұлттық бақтың құрылғанына 20 жыл толуына арналған ғылыми конференцияда айтылды. Оған қатысушылар тұмса табиғатты сақтап, жануарларды қорғау мәселесін талқылауда. Бұдан бөлек көркіне көз тоймайтын таулы аймақта туризм саласын дамыту да күн тәртібінде. Ол үшін инвестор тартып, инфрақұрылымды дамыту керек дейді жиналғандар. Жалпы жиырма жыл ішінде ұлттық бақ аумағына мыңдаған түп тал-терек егіліп,  жойылып кетудің аз алдында тұрған қар барыстары мен басқа да аңдарға қамқорлық жасалған. 

Марлен Айнабеков, Іле Алатауы Ұлттық табиғи бағының директоры:

-Зерттеу жүргізіліп жатыр. Тек барыс емес бүкіл аңдарға санақ өткіземіз. Өзімізге сондай жоспар қойып отырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде