Батыс Қазақстанда егін салу науқаны тоқтап қалды
Батыс Қазақстанда толассыз жаңбырға байланысты егін салу науқаны тоқтап тұр. Диқандар алқаптардың тек 20 пайызына дақыл егіп үлгеріпті.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
18.05.2016
Техниканы шығармақ түгілі көлкіген егістіктердің маңына жолау мүмкін емес. Жоспар бойынша науқан осы аптаның соңында аяқталуы тиіс еді. Енді ауа райының қолайсыздығына байланысты ол маусымның басына дейін созылуы мүмкін. Оның күзгі түсімнің көлеміне әсер ететін-етпейтіні белгісіз. Ал былтыр керісінше қуаңшылық боп, өнім аз алынғанын айта кетейік. Қазір жаңбыр басылғанымен, су жерге сіңгенше кемі 3-4 күн керек. Онсыз жерді өңдеуге шаруалар кірісе алмайды. Бұған қоса, егістіктерде арамшөп қаулап кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!