{metadescription}
Шығыс Қазақстанда оқушы қызды өлтірді деген күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты
Шығыс Қазақстанда оқушы қызды өлтірді деген күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты

Шығыс Қазақстанда оқушы қызды өлтірді деген күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты

Азғын алыстан келмеген! Шығыс Қазақстанда 14 жасар Айым Ұлтомбаева іргелес көршісі өлтіргені анықталды. 25 жастағы қаскөй кейін де екі қызды буындырып өлтірмек болыпты. Онысы әшкереленіп, тіпті 5 жылға сотталып та кеткен. Ал қаршадай қызды ажал құштырғанын сол түрмеде жатып мойындаған.

-Былтыр қыркүйек айында түн жарымда із-түзсіз жоғалған Айым Ұлтомбаеваның мүрдесі сегіз айдан кейін дәл осы жерден табылған. Оны өзі тұрған үйден 200 метр жерде үйілген қоқырдың арасынан темір термекші болған көршісі көрген. 14 жастағы қыз мынандай шөппен ғана бастырылғандықтан жер аяғы кеңіген сәтте қолы жер бетіне шығып қалған.

Осыған дейін іздеу жұмыстарына жұмылдырылған 500 белсенді бұл төңіректі талай мәрте тінтіп көрген.Тіпті олар қолдарына күрек алып төгілген қалдықтардың бірін қалдырмай қопарыпты. Сондықтан Айымды өлтірген адам оның мәйітін жуырда ғана осында әкеп көмген сыңайлы.

Евгений Елизаров, Шар қаласының тұрғыны:

-Шөптің арасынан бірінші қолы шықты. Базарда тұратын манекен шығар деп ойладым. Жақындап қарағанда аяғы да шығып жатыр. Осы кезде өзіміз іздеген қыз екенін білдім. 

Зимхан Ибрайымова, А. Ұлтомбаеваның анасы:

-Оны иттер сүйреп тастамай ма? Бос ит деген қаптап жүр. 9 ай бойы ана баланың быт-шытын шығарады ғой сүйреп. Мысық, құзғын деген көп. Ашық жатыр бала.

Ал қаршадай қызды өлтірді деген күдікті алты ай бұрын қамауға алынған. Бірақ Шар қаласының 25 жастағы тұрғыны бұл қылмысы үшін емес, одан өзге екі қызды қылқындырып өлтірмек болғаны үшін 5 жылға сотталып та кетіпті.

-Бұл бала Айымды өлтіргенен кейін ары қарай жалғастыра берген. Менің қызыма барған, тағы да бір келіншекті қылқындырған.

Зимхан Ибрайымова қызын қара жердің қойнына өткен сенбі күні табыстапты. Ал іргелес көршісі болған қылмыскер Айымды көппен бірге іздеу жұмыстарына да қатысқан екен. 

-Қызым. періштем. Мен сені сақтай алмадым. Сақтай алмасам да, сені өлтірген, сені қинаған кісінің жазасын бердіремін.

Қазір абақтыда отырған қаскүнемге Айымның өлімі бойынша қосымша айып тағылып, тергеу жүріп жатыр. Ал оның 14 жасар жеткіншекті өлтіргенін өзі мойындады ма, әлде айғақтардың көмегімен қылмысқа қатысы бары дәлелденді ма, ол туралы құзырлы орындар ақпарат бермей отыр. Егжей-тегжейі тек соттан кейін айтылмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде