{metadescription}
Сүлейменовті жұмыс кабинетіне шақырған Назарбаев оған тосын сый жасады
Сүлейменовті жұмыс кабинетіне шақырған Назарбаев оған тосын сый жасады

Сүлейменовті жұмыс кабинетіне шақырған Назарбаев оған тосын сый жасады

Туған күнге ерекше тарту! Бүгін 80 жасқа толған қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовті президент Ақордаға арнайы  шақырып тосын сый жасады.

Атақтан онсызда кенде емес, Олжас Сүлейменов бүгіннен бастап «Қазақстанның еңбек ері». Ең жоғары марапатты, яғни медальді мерейтой иесінің кеудесіне президенттің өзі тақты. Елбасы Сүлейменовті әруақытта жанымнан табылған «нағыз досымсың»деді. Әйгілі ақын шығармашылықта ғана емес, саясатқа да белсене араласып, 40 жыл бойы қазақты қырған Семей ядролық полигонының жабылуына үлес қосқаны елдің есінде. «Невада - Семей» қозғалысын құрып, атом бомбасының үнін өшірді. Ағынан жарылған Назарбаев сол қиын-қыстау кезеңдерді еске алып, мерейтой иесінің ерен еңбегін елеусіз қалдырған жоқ.    

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Екеуміз бір заманның адамымыз. Осы кездесердің алдында ойладым: «80-ге келдің», сол «80-нің 40 жылында» бірге келе жатырмыз. Тура сөзіңді айтып келе жатырсың. Біреулер түсінеді, біреу сынайды, біреу қолдайды. Оған қарамадың. Терісі мен тентегіне жол сілтейді, елдің бірлігін, мемлекеттің мықтылығын сақтайды. Сондай зиялы интелегенттің бірі өзіңсің.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде