Жезөкшелердің талабына депутаттар жауап берді
Себебі жеңіл жүрісті қыздар тән саудасын заңдастырып беруді сұрап Үкімет, Бас прокуратура мен Парламентке хат жазған болатын.
Автор: Жәудір Оразхан
18.05.2016
Яғни, жезөкшелер бюджетке салық төлеп, жұрт қатарлы жұмыс істеуге дайын екен. Бірақ, арын сатқан бикештердің азын-аулық теңгесіне мемлекет зәру емес дейді депутаттар. Дағдарысқа байланысты клиенттері азайған қыздар «жеңгетайлар мен полицейлердің алдында құқығымыз қорғалмаған» деп те шағымданған. Германия, Голландия, Латын Америкадағы тәжірибені желеу еткен түнгі көбелектер Парламенттен «коммерциялық секс» туралы арнайы заң қабылдауды сұраған екен. Бірақ, бұған құлақ асқалы отырған ешкім жоқ.
Глеб Щегельский, Мәжіліс депутаты:
-Шынымды айтсам, бұл мәселеге аса мән берген жоқпын. Бірақ, интернетте жұрт қызу талқылап жатыр. Маған бір оқырманның: «қазақ қыздары жезөкшлікпен мүлдем айналыспауы керек» деген пікірі ұнады. Меніңше, қызға бала күнінен дұрыс тәрбие беруіміз қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!