{metadescription}

Алматыда жантүршігерлік жол апатын жасаған жүргізуші сотта жылап жіберді

Алматыда жол апатын жасап, 2 адамның өліміне себепкер болған тәртіп сақшысы сот алдында жауап беріп жатыр. Алғашқы отырыста қос тарап және куәгерлер тыңдалды. Санат Жанатбеков жылдамдықты асырғанымен қоймай, қарсы бағытпен жүйткіген болатын. Жойқын соққыдан жол шетінде тұрған екі адамдың денесі тіпті бөлшектеніп қалды. Сол кезде көлік тізгінін ұстаған полицей бүгін сотта егіліп жылап тұрып оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Бір айдан аса уақыт бұрын болған қайғылы оқиғадан марқұмдардың туыстары енді естерін жиған. Жантүршігерлік жағдай Жангелдин көшесінде болған еді. Полицейлер отырған көлік қарсы бағыттағы автобус жолағына шығып алып, «Дэу Матиз» көлігіне соғады. Артынша, жол жиегінде қаннен-қаперсіз тұрған егде жастағы ағалы-қарындасты екеуді қағып өткен. Қатты соққыдан екеуінің де денесі бөлшектеліп қалды.

Әділбек Әбішев, жәбірленуші:

- Шынын айтқанда, 32 жыл бірге тұрған әйелімді мен жерде жатқан маникен деп қалдым. Алдағы болатын дүниелерге көмектесеміз деп отыр. Олардың мен көмегіне зәру болып отырған жоқпын.

Ал, Ішкі Істер министрлігіне қарасты мамандандырылған күзет қызметінде жұмыс істеген Санат Жанатбеков жол ережесін бұлайша бұзуына бірқатар жағдайдың әсер еткенін айтып отыр.

Санат Жанатбеков, айыпталушы:

- Бір жағынан ұйықтамағанмын, бір жағынан тісім ауырғаннан. Ойланып кеттім. Білмеймін өзім,  ойланып кеттім. Түсінбеймін.

Ал бұған дейін айтылған ішімдікке қатысты жағдайдың бәрін Жанатбеков жоққа шығарды. Осылай мән-жайды түсіндіріп тұрып, полицей ақырында көз жасына ерік берді.

Санат Жанатбеков, айыпталушы:
- Соқтығыс жасағанда көрмеп едім, машина тоқтағаннан кейін есіктен түскен кезде көрдім. (Жылайды.) Әдейі істейін деген ойым жоқ.

Айыпталушы жылдамдықты 80-нен асырмадым деп отыр. Дегенмен, бір өлімнен аман қалған «Дэу Матиздің» жүргізушісі жылдамдықтың одан жоғары болғанына сенімді.

Алексей Трегубов, куәгер:

- Сол жерде бірнеше адам көліктің 160-пен жүйткігенін айтып жатты. Адамның денесін бірнеше бөлікке бөліп тастау үшін қандай жылдамдық қажет екені белгілі ғой.

Жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот процесі әлі де жалғасады. Келесі отырыста жәбірленуші ретінде марқұм болған ер азаматтың өкілі мен басқа да куәгерлерден жауап алынбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.