{metadescription}

Нөсерден зардап шеккен атыраулықтар әкімді жағадан ала жаздады

Бірнеше күннен бері үйлерінде су кешіп жүрген тұрғындар жергілікті биліктен еш көмек болмаған соң, осылай әкімдікке өздері келуді ұйғарған. Жұрт төтенше жағдай жариялауын талап етуде. Өйткені, қала шетіндегі үйлерді айтпағанда, орталықтағы мектептер де белуардан суда тұр. 

Таңертеңмен әкімдікке жиналған атыраулықтар осылай деп ойбайға басты. Қолдарына арыздарын алып, айқайлаған тұрғындар жергілікті басшылықпен кездесуді талап етіп, ақыры дегендеріне жетті.

Айгүл Жанғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Жаңбырдан кейін далаға шығып қалдық, бүкіл затымның бәрі жерде, қалқып жүр судың бетінде, ешкім ешқандай жауап бермейді. Кезекте тұрсың, сол кезекпен аласың дейді.

Үй-жайы суға кеткендерді кабинетінде қабылдаған қала әкімі Нұрлыбек Ожаев өзінің де, өзгелердің де таңға дейін тапжылмай жұмыс жасағанын айтып ақталды. Бірақ, үсті-үстіне жауған нөсерден істері өнбей жатыр екен. Ал зардап шеккендерге міндетті түрде көмектің болатынын айтып, сендіруге тырысты. 

Нұрлыбек Ожаев, Атырау қаласының әкімі:

-Заң шеңберінде қараймыз .  Комиссияның ұсынысына қарай, қаржылай көмектесерміз, болмаса тұрғын үй салып алу үшін көмектесерміз.

Атырауға соңғы 15 күн ішінде жауған жаңбыр көлемі айлық мөлшерден үш есе көп. Ал онысы сазды жерге сіңбей, салдарынан қазір тұрғын үйлерден бөлек, тек қаланың өзінде үш мектеп пен бір балабақша ауласы белуардан суда тұр. Балалар сабаққа қолдан көпір жасап кіріп жүр. Ал, үйлері апатты жағдайға түскен тұрғындарды көшіру үшін қаладағы 6 мектепте эвакуация бекеті ашылыпты.

-Соңғы екі күнде жауған нөсер жауынның әсерінен тағы да осындай 7 үй құлаған. Бұдан өзге ауласы мен баспанасына су кірген 300-ден астам тұрғыннан арыз түскен. Енді зардап шеккен тұрғындар жергілікті әкімдіктен төтенше жағдай жариялануын талап етіп отыр.

Нөсерден бірқатар ықшамаудан тұрғындары 2-3 күннен бері жарықсыз отыр. Өйткені, трасформаторлар суға толып, істен шығыпты. Ал  жергілікті билік қалада суағарлар салдырту үшін голландиялық мамандарды шақыртқан. Олар 4-5 күннен соң келіп, Атырауда атымен жоқ дренаж жүйесін жасауды қолға алмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде