{metadescription}

Нұрсұлтан Назарбаев жер дауына қатысты тағы мәлімдеме жасады

Президент әлем алдында ұятқа қалмай, күрделі мәселені өзара келісіммен шешуге шақырды. Әйтпесе, сырттан көз тігіп, сынай қарап отырғандар көп. Бүгін Ақордаға Министрлер кабинеті мен облыс әкімдерін тегіс шақырып, кеңес өткізген Елбасы тұрғындарға жер реформасына қатысты ұсыныстарын мемлекеттік комиссияға жолдауларын сұрады.

Жерден бөлек, президенттің соңғы 4 айдағы елдің даму көрсеткіштеріне көңілі толған жоқ. Себебі соңғы 6 жылда елімізде 900 кәсіпорын іске қосылғанымен, оның 21-і тұралап тұр. Тағы 13-і өнім шығарып үлгермей жатып шатқаяқтай бастаған. Тіпті «Нұрлы жол», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысының тек 8 пайызы игеріліпті. Бұны естіп ашуға мінген Назарбаев қолды бар ақшаны ұқсата алмай отырған министр мен облыс әкімдерінің шаңын қақты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бұл қалай жұмыс істеуге болады? Ақша бар, бар ақшаны ұқсатып жеткізе алмаймыз. Солай ма?  Бір облыста бар нәрсе бір облыста жоқ. Оны әлі күнге дейін істемейсіңдер? Біз басқа жақтан базар іздеп жүрміз. Ана жақтан мына жақтан. Шетелден әкелеміз, ал ол тауар көрші облыста бар ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде