{metadescription}

Ақтөбе облысының шенеуніктері халықты ауылға көшуге үгіттеп жатыр

Әсіресе, қалада пәтер жалдап жұмыссыз жүрген жастарды жарылқаймыз дейді. Өйткені, бала санының аз болуынан өңірде бірнеше мектеп жабылудың аз-ақ алдында тұр. Ал білім ошағы болмаса онда ешкім қалғысы жоқ. Сондықтан жергілікті атқамірелер ауылға көшіп келемін деушілерді баспанамен қамтып, жұмысқа орналастыруға да әзір.  

Алға ауданына қарасты Амангелді ауылының ең үлкені Гүлзия Мұхамбеталина кезінде Семейден келіп ұжымшар құруға атсалысқан. Енді сексеннен асқан кейуананың бос қалған ауылға қарап көңілі құлазиды. 

Гүлзия Мұхамбеталина, Амангелді ауылының тұрғыны:

-Кезінде  мал болды, адам болды. Бос үй болған жоқ. Қайткенмен осы Амангелдіге көп-көп халық келгенін жақсы көреміз.

Әсіресе, 2000-шы жылдары жұрт қалаға қарай үдере көшкен. Соның кесірінен мектепке баратын жоғары сынып оқушылары аз. Жалғыз білім ошағы жабылса мұнда ешкім қалмайды. Сондықтан сырттан көшіп келетін отбасыларды көптеп тартпақшы. Ең қызығы бұл ауылда келіншектер жүкті болса ең бірінші білім бөлімінен сүйінші сұрайтын болған.

Ботагөз Өтешова, мектеп директорының орынбасары: 

-Енді бізге, әрине, бала саны қосылады. Мектепке дейінгі даярлық тобына дүниеге келген баланы қосып ала береміз.

Кезінде тұрғындар көптеп көшкенімен, ешбірінің үйін ауылда қалғандары бұзғызбаған. Осы күнге дейін есік-терезесін бүтін ұстап отыр.

-Амангелді ауылы облыс орталығынан небары 70 шақырым жерде. Бұл елді-мекенде қазір 20-ға жуық шаңырақ қаңырап бос тұр. Оны көшіп келетін адам болса басыбайлы беріп, тіпті жағдайын жасар едік дейді тұрғындар.

Қазір жұртты ауылға тартуға Ақтөбе аймағында ешқандай бағдарлама қарастырылмаған. Дегенмен оған қарамастан шенеуніктер қалада пәтер жалдап, жұмыссыз жүрген жас отбасыларын жарылқаймыз деп отыр.

Мавр Абдуллин, Алға ауданының әкімі :

-Көшеміз деп жатқан жағдайда олардың барлығына жер беріледі, үй салып, сосын жұмыспен қамтуға. Өзен ағып жатыр, екі жағында жер жеткілікті.  

Шенеуніктер ауылға ешкімді алдап әкелмейтіндерін айтады. Өйткені бұған дейін шақырған бірнеше отбасы қаладағыдай жағдай жасап беруді сұрапты. Сондықтан қыста күл шығарып, от  жағып, суды көше бойындағы құбырдан тасып ішуге тура келетінін жасырмайды.  

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде