КТК-да арнайы репортаж! «Жер жыры» жобасын жіберіп алмаңыздар!
Бір айдан бері талас-тартысқа түскен жер дауына қатысты біздің тілшілер арнайы репортаж әзірлеуде.
19.05.2016
Онда халық наразылығын тудырған «Жер кодексі» жан-жақты түсіндіріліп, құжаттың артықшылығы мен кемшіл тұстары жіті зерттелген. Сарапшылардың орамды ойлары мен статистикалық мәліметтер де толық қамтылып отыр. Яғни елімізде қанша гектар жердің бос жатқаны мен игерілген алқаптардың кімдерге тиесілі екені ашық айтылады. Өзекті мәселені көшеде емес, келіссөз үстелінде шешуге тырысқан арнайы комиссия жұмысы да жан-жақты зерделенген. Әріптесіміз Олжас Рамазановтың «Жер жыры» деп аталатын арнайы репортажын ертең сағат 19:00-де біздің арнадан көре аласыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!