Мысыр әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырады
Тағы бір ұшақ апатқа ұшырады! Бұл жолы мысырлық Egyptair компаниясына тиесілі әуе кемесі Жерорта теңізіне құлаған. Қазір Airbus A320-ның қалдықтары судан іздестіріліп жатыр. Теңізге құлаған ұшақтың бортында 12 елден жалпы саны 66 адам болған. Әуе кемесі Парижден Каирге ұшып шыққаннан кейін, 20 минутта радармен байланыс үзіліпті. Апатқа қатысты түрлі болжамдар айтылуда. Көбі мұны лаңкестік әрекет дегенімен, ұшақ аспанда жарылмаған. Қазір әуе кемесі құлады деп болжам жасалған жерде Мысыр, Грекия мен француз құтқарушылары іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
19.05.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
20 наурыз
Серіктестер жаңалықтары