Қарағанды облысында тарифті заңсыз өсірген монополист артық ақшаны жұртқа қайтаруға міндеттелді
Қарағанды облысы тұрғындарының жартысын электр қуатымен қамтитын «Жезқазғанэнерго» компаниясы тарифті заңсыз көтерген. Осы арқылы компания 2 миллиард 200 миллион теңге пайдаға кенеліпті.
Автор: Саят Сабдалы
19.05.2016
Компания 2015 жылдың басында бір Кватты 12 ден 20 теңгеге бір-ақ шарықтатып жіберген еді. Сол кезде жұрт шу шығарған соң, монополияға қарсы агенттік тексеріп, тарифтің жоғарылауын заңсыз деп тапты. Алайда монополист компания мемлекеттік мекемемен бір жыл бойы соттасып келеді. Осы уақыт ішінде өздері белгілеп алған тарифпен халықтың қалтасынан 2 миллиард теңгеден асатын қаржыны қағып алған. Айтыс-тартыспен іс Жоғарғы сотқа жетіп, ақыры «Жезқазғанэнерго» тарифті заңсыз көтерген деген шешім шықты. Енді монополист халықтың ақшасын қайтаруы тиіс.
Жұлдыз Ескенова Қарағанды облыстық Монополияғы қарсы департаментінің бөлім басшысы:
-Әр тұтынушы сотқа арызданып компаниядан берешегін талап етуге құқылы. Жоғарғы соттың шешімі негізге алынады. Біз өз тарапымыздан да компанияның елге қарызды қайтаруын немесе қайта есеп жүргізуін қадағалаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!