Павлодарда өз қызын зорлап келген педофил сотталды
Енді ол алдағы 20 жылын темір тордың арғы жағында өткізеді.
Автор: Әйгерім Шакаманова
19.05.2016
Оқиға Екібастұз қаласында болған. 42 жастағы азғын туған қызын жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Осылайша 11 жасында бір гүлі ашылмаған жеткіншекті екі жылға жуық зорлапты. Кейін сабаққа бармай үйде жатып алған оқушы қыз бар шындықты әжесіне жайып салған. Мұны естіп білген шешесі полицияға арызданады. Арнайы сараптама ер адамның ақыл-есі дұрыс екенін көрсетті. Айуандық әрекет жасаған әкенің жетімдер үйінде тәрбиеленгенін айта кетейік. Азғынды сот 20 жылға қатаң тәртіптегі абақтыға қамау жазасына кесті. Бұған қоса тергеу кезінде жүргізілген сараптамалар үшін 600 мың теңге төлеуге міндеттеді.
Гүлмира Төлебаева, Павлодар облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры :
–Сотталушы қызына қол ұшын тигізбегенін айтып, кінәсін мойындамады. Тергеу кезінде, сондай-ақ сот отырыстарынды өзін салмақты ұстады. Әйелін жиі ұрып соққан. Жұмыста да әріптестерімен жиі сөзге келген екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!