Бауыржан Әбдішев 15 тәуліктен соң бостандыққа шығады
Қарағанды облысының экс-әкімі түрмеден шығатын болды. Бүгін аудандық сот Бауыржан Әбдішевті мерзімінен бұрын босату туралы қаулы шығарды. Бүгінге дейін ол мерзімінің жартысынан көбін өтеп болған екен.
Автор: Саят Сабдалы
19.05.2016
Яғни апелляциялық сот белгілеген 3 жылдың 1 жыл 7 ай 26 күнін темір торда өткізген. Колония басшылығы Әбдішевтің тәртібінен мін таппадық десе, прокурорлар бостандыққа шығуына заң кедергі жасамайды депті. Енді ол шешім күшіне енгенше тағы 15 күнін қамауда өткізе тұрады. Бірақ бостандыққа шыққан соң да сот табалдырығынан талай аттайын деп тұр. Өйткені, қаладағы саябақтар басқармасы Ахметовпен бірге сотталғандардан 3 жарым миллион теңге талап етіп, сотқа арыз түсірген екен. Бауыржан Әбдішев «Ахметов ісіндегі» жемқорлық әрекетке қатысы бар деп танылып, өткен жылдың желтоқсанында 5 жылға сотталған. Кейін апелляция бұл мерзімді 3 жылға дейін қысқартқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!