Интернетте жерге қатысты айтылған ұсыныстар қараусыз қалмайды
Жер кодексіне қатысты кез-келген ұсыныс қараусыз қалмайды! Бүгін Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссия алғашқы отырысынан есеп берді. Айтуларынша, жерді сату мен жалға беруге қатысты түсіндірме жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Автор: Досжан Маратұлы
19.05.2016
Ал, әркімді толғандырған сұраққа жауап беру үшін құрылған call-center-ге 700-ден астам ұсыныс түскен. Оның нөмірі 1434 екенін айта кетейік. Комиссия мүшелері мұнда хабарласқан әр адамның ұсынысын ескереміз деп отыр. Тіпті, телефон арқылы ғана емес, әлеуметтік желілердегі жер мәселесіне қатысты жазбалар да назардан тыс қалмайды. Комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев мұның барлығы алдағы сенбіде талқыланады дейді. Әрі жерді сату мәселесі тағы қаралып, құрылған 4 жұмыс тобының жетекшілері бекітілмек.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары:
- Жер мәселесіне қатысты сұрақтардың, ұсыныстардың барлығы комиссияның қарауына шығарылып, қалғаны құзырлы орындарға жолданады. Елбасы айтқандай жер үшін шын мәнінде жаны ауратын адамдар өз ойын айтуы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!