{metadescription}

Алматы облысында саудагерлер жер үшін таласып жатыр

Талғар қаласындағы орталық базар басшылығы іргелес орналасқан сауда үйіне кірер жолды жауып, қоршау орнатыпты. Жұмыс орнына кіре алмаған жұрт полицияға арыз жазып, әкімдікке шағымданған екен. Бірақ одан қайыр болмай, кәсіпкерлер аштық жариялап, айқайға басты.

Талғар базарының осылай екіге бөлініп, бір жағына жұрттың өте алмай жатқанына тоғызыншы күн. Сауда үйі мен үйреншікті жайма базар ортасына биік қоршау қою қосымша табыс тапқысы келген директордың ойы екен.

Тұрсынхан Сәрменова, кәсіпкер:

Мына қоршауды Абылқасымов Дидар деген жігіт қойды. Ана территорияны алып аламыз деп. Ақша сұрап жатыр, 45 мың ай сайын.

Базар басшысы ай сайын тұрақты төлемді талап етіп, кәсіпкерден ақы ала алмаған соң, ғимаратқа адам өте алмайтындай қоршап тастапты. Салдарынан оннан астам саудагер жұмыс орнына кіре алмай жүр. 

Әлия Әліпова, кәсіпкер:

-Дүкеннің жан-жағы олардың жері болып тұр. Сонда біз аралда қалған адамбыз ба?! Жұмысқа ұшып келіп, ұшып кетуіміз ғана қалды. Биік қоршаудан басқаша өту мүмкін емес.

Бірақ базар басшылығының қолында 2005 жылы алынған мемлекеттік жер актісі бар. Ол бойынша сауда үйінің алды да, арты да олардың меншігінде. Сондықтан жақын арада ол жерде автотұрақ салуды көздепті.

Дидар Әбілқасымов, «Тәуіп» ЖШС директоры :

Сотқа барған кезде анықтама алдық. «Жер сіздікі» деген.  

Полиция мен әкімдікке жазылған арыздан нәтиже шықпаған соң жұрт тіпті аштық жариялаған. Атқамінерлер осыдан соң мән-жайын анықтауға кіріскен. Алайда, кезінде оңды-солды сатылып кеткен жердің мәселесі енді қалай болатыны беймәлім.

Дәулет Баталғазиев, Талғар қаласының әкімі:

-Қоршағанның арқасында мына кісілер дүкенге кіре алмай отыр. Түсіндіңіздер ме? Сондықтан екі жақтың тарапымен қазір кездесеміз. Мынау жақсы, мынау біздікі деген әңгіме жоқ. Екі жағы да саудамен айналысып,  отбасыларын бағып отырған адамдар.

Осылайша кәсіпкерлер арасындағы дауға әкімдік араласып, оларды бір келісімге келтірмек болған. Тіпті өгіз де өлмей, арба да сынбайдын нұсқа ұсыныпты. Бірақ бұл қос тараптың көңілінен шықпаған сыңайлы. Енді өзара келісе алмаған кәсіпкер мен базар басшылығының таласына соңғы нүктені сот қоймақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде