{metadescription}

Семейде ұстаздар колледж ғимаратын босатудан бас тартты

Семейде Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінің ұстаздары наразылық білдірді. Олар 45 жыл бойы орналасқан ғимаратты босату туралы шенеуніктердің шешіміне қарсы. Жергілікті билік өнер ордасын жатақханаға айналдырмақшы. Ал, көшіріп апаратын ғимарат талапқа мүлдем сай келмейді,-дейді музыканттар. Оның үстіне тозығы жеткен ескі аспаптарды тасымалдаудың өзі мүмкін емес екен.

Ескі мекемені жатақханаға айналдырмақ болған шенеуніктердің шешімі ұжымның осылай қарсылығын тудырып жатыр. Өйткені, 5 қабатты ғимараттың ішінде біреуінің құны миллион теңге тұратын түрлі аспаптар бар. Салмағы тіпті 300 келіден жоғары. Сондықтан көшіру үшін жаңадан салынған терезелердің бірін қалдырмай сындыру керек. Оның үстіне, 50- жылдары жасалған ескі аспаптар тасымалдауға шыдамайды екен.

Бақытгүл Омарова, М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің мұғалімі:

-Оның ішінде орнынан қозғалмағандар бар. Жылда жөндетеміз. Құлақ күйін келтіріп, бір шегесін қағамыз. Енді, ол көшетін болса, 100 кластағы 100 аспаптың, ары кеткеткенде 15-20 ғана барады. Қалғанын сатып алуымыз керек. Қайдан аламыз, бізде қаражат жоқ қой.

Тіпті, өнерге бет бұрған 500 студент пен 90 ұстаз көшіріліп әкелінетін Бизнес колледжінің мына ғимараты ескі орындарымен салыстыруға да келмейді екен. Бұл, біріншіден қыста суық. Ал, екіншіден қабырғалары жұқа болғандықтан ән -күй сабақтарында бір-біріне бөгет келтіреді дейді.

 

Гүлжанат Кәрімова, М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің мұғалімі:

-Біздің бөлмелеріміз өзімізге сай. Ол жақтікі талапқа келмейді. Оны сіздерге лайықты жабдықтап береміз дейді.  Бұл белгісіз нәрсе. Ал, бөлмелердің ортасын жұқа бөлсе, екі жақта сабақ өткізу мүмкін емес. Мына қалың қабырғаның өзінде бір-бірімізді естіп отырамыз.

 

Ал шенеуніктердің өз уәжі бар. Айтуларынша, колледж ғимараты кезінде жатақхана ретінде салыныпты. Сондықтан, студенттер үшін концерт залы не спорт алаңы қарастырылмаған. Сондықтан олар жаңа орынды жарнамалап әлек.

 

Қажымұқан Оспанғалиев, ШҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

-Бизнес колледжінде үлкен концерттік зал бар. Ол, музыкантарды даярлайтындар үшін қуанашыты жағдай. Екіншіден әрбір қабаттың төбелері биік. Және көп сыныпты.    

 

Атқамінерлер тіпті көшу кезінде сынған аспаптарды өзіміз жасатып береміз деп құлшынды. Мекеме алдына қойылған Мұқан Төлебаевтың ескерткішін де жаңа ғимаратқа орнатып бермек. Бірақ, мұнымен келіспеген ұстаздар елімізге белгілі өнер майталмандары түлеп ұшқан тарихи ғимаратты сақтап қалу үшін енді облыс әкімінен көмек сұрамақшы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.