{metadescription}

Ақмола облысында егін егу науқанына жаңбыр кесірін тигізуі мүмкін

Ақмола облысында егін егу науқаны аяқталмай жатып, өнімнің қар астында қалу қауіпі төніп тұр. Өйткені, алқапқа дән себілмей, тең жартысы әлі бос жатыр. Оның үстіне, ауа-райына байланысты өңірде тұқым себу жылдағыдан сәл кешірек басталыпты. Ал, жауын шашын түссе жағдай тіптен ұшығуы мүмкін.

Жер жыртқан диқандар жанталасып жатыр. Уақыт тығыз. Өйткені, 10 күннің ішінде жұмысты аяқтап үлгеруі қажет.

-Қазір Ақмола облысындағы ауа райы да егін егуге қолайлы болып тұр. Сондықтан диқандар уақытты құр жібермей, тер төгуде. Ондаған техника жыртылған алқапқа түрлі дақылдар егіп жатыр.

Әсіресе, бидай алқаптың басым бөлігіне егілуде. Ал, шаруалар науқан аяқталмайынша, күн райы бұзылып, жауын жаумаса деп тілеп отыр. Өйткені, науқан созылып кетеді. Бұлай болса, еңбек еш кетіп, өнім піспей қар астында қалуы мүмкін.

Қасымбек Молдабеков, шаруа қожалығының басшысы:

-Былтыр жақсы өнім алдық. Бір бидайды далада қалдырмай жинадық. Биыл қалай болатынын айту қиын. Әйтеуір егіп жатырмыз. Қалғаны ауа райына байланысты.

Ал, үкімет шаруаларды қарық қыламыз деп отыр. Жеңілдетілген несиеден бөлек, шаруашылыққа қажетті техниканы тиімді бағаға сатып алуға үлкен мүмкіндік бар екен.

Ринат Кемешов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизингтік және кепілдікпен қамтамасыз ету департаментінің директоры:

-Мемлекет тарапынан көрсетілген көмек жүзеге асуда.Осы күнге дейін ауыл шаруашылығы саласында жүрген адамдардан 1300-ден астам өтініш келіп түсті. Олардың барлығы мақұлданды. Жалпы соммасы 18 миллиардты құрап отыр.

Тек Оңтүстікте ғана егін егуде айтарлықтай даурығу жоқ. Бірақ, барлық өңірде ахуал бірдей емес. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында  жаңбырдың кесірінен алқаптың 20 пайызына ғана дақыл салынған. Нөсер тоқтамаса, диқандар мол шығынға батуы мүмкін. Бұған қарамастан үкіметтің үміті көп. Күзде мол өнім жиналса, астықты шетелге экспорттауға дайын отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.