{metadescription}

Ақордада Сенегал президенті Назарбаевты Африкаға шақырды

Әйгілі «Дакар-ралли» жарысымен, футболшыларымен аты шыққан алыстағы Африка елі бір табан жақындай түсті. Бүгін алғашқы рет Қазақстанға Сенегал президенті ресми сапармен келіп, әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер өткізді.  

Арадағы алшақтық, ұзақ жол мен климаттың өзгешелігіне қарамастан Сенегал президенті сергек. Маки Саллға ғана емес, онымен ере келген  делегация мүшелері үшін де Қазақстан таңсық ел болғандықтан қызығушылық өте жоғары. Енді бір-біріне беймәлімдеу Дакар мен Астананың арасын мемлекет басшылары жақындастыруға кірісті. Бірақ, дипломатиялық қарым-қатынас орнағаны болмаса, сауда-саттық жөнді жолға қойылмаған. Десек те, Сенегалмен алыс-беріс жасауға Қазақстан құлшынып отыр. Әзірге, Батыс Африкадағы ислам дінін ұстанатын Сенегалды біздің жұрт «Дакар ралли» автожарысы мен отандық клубтарда доп тебетін танымал футболшылары арқылы жақсы таниды. Бұл олқылықтың орны енді  толуы тиіс.

Маки Салл, Сенегал Республикасының президенті:

-Қазақстан арқылы біз тұтас Орталық Азияға жол ашамыз. Екі-жақты ынтымақтастықты дамытуға әзірміз. Арадағы байланысқа жаңа серпін беру үшін  Нұрсұлтан Назарбаев сізді Сенегалға шақырамын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Екі ел арасындағы қарым-қатынасты  әсіресе, ауылшаруашылығы, мұнай газ саласында, спорт саласында жандандырғымыз келеді.  Бүгін қол қойылды. Қатынастар өсіп, өркендейді деп білеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.