{metadescription}

Қазақ-Қытай шекарасында соқтығысқан жүк пойызының машинистерінің қалай аман қалғаны белгілі болды

Қазақ-Қытай шекарасында апатқа ұшыраған жүк пойыздарының қалдықтары әлі жиналып жатыр. Аса бағалы шикізат тиеген вагондарға түгелдей зақым келіп, оны тазартуға арнайы техника тартылған.  

Елімізден Қытайға бет алған жүк пойызының вагондарына темір концентраты тиелген екен. Ал Қытайдан келе жатқаны бос болған. «Достық-Алашаңқай» халықаралық теміржол өткеліне жете бергенде, екеуі бетпе-бет соқтығысып, соңы алапат өртке ұласты. Апатқа тежегіштің істемей қалуы себеп. Бұзылған техника «Түрксібтранстасымалы» компаниясына тиесілі екен. Құдай сақтап, машинистің екеуі де дер кезінде секіріп аман қалған. Қазір апат орнында шашылған темір концентратын жұмысшылар арнайы техникамен тазартуда.          

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.