Ақмола облысында жоғалған қыздың әке-шешесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жұмбақ жағдайда із-түзсіз жоғалған Эллина Кұлдинаның ата-анасы сот алдында жауап беруі мүмкін. Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті оның әке-шешесіне қатысты «Баланы қараусыз қалдырды» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғады.
Автор: Жәудір Оразхан
20.05.2016
Егер кішкентай қыздың жоғалуына жақындарының айыпты екені дәлелденсе, әке-шешесі 4 жарым миллион теңге айыппұл төлейді немесе екі жылға түрмеге жабылуы ықтимал. Ал, баланың өлі денесі табылған жағдайда, ата-анасы 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Айта кетсек, екі апта бұрын Астанадан 40 шақырым жердегі Қабанбай батыр ауылы маңында 2 жасар қыз жоғалып кеткен еді. Нұра өзенінің жағасына серуендеуге шыққан ата-анасы Эллинадан аяқ асты көз жазып қалады. Қазір кішкентай қызды полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер өзеннің жағасынан, жазық даладан, судың түбінен де іздеп жатыр. Эллиннаның суға кетуі мүмкін деген жорамал айтылғандықтан Нұра өзененің ағысы да тежелген болатын.
Рүстем Сыздықов, ерікті:
-Еріктілер әрбір ақпаратқа құлақ түріп отыр. Біз кез-келген уақытта жедел жиналып, орман, дала, өзеннен болса да, кішкентай қызды іздестіруге дайынбыз. Эллина табылғанша тынбаймыз. Өкінішке қарай, әзірге нәтиже болмай тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!