{metadescription}

Атырау облысында тұрғындар ауылды алапат тасқыннан қорғап қалды

Атырау облысының Құрманғазы ауданында Қиғаш өзені арнасынан тасып, бөгетті бұзған. Еділдің ірі саласы саналатын осы өзеннің бойында орналасқан Жыланды ауылының халқы үш күннен бері күні-түні кезекшілікке тұрып, баспаналарына қызыл су өткізбес үшін жанталасып жатыр. Тіпті мектепте сабақ тоқтатылып, жоғары сынып оқушылары да арнаны бекітуге тартылған.

Екі жарым мыңға жуық тұрғыны бар Жыланды ауылының жұмысқа жарамды жігіттерінің үш күннен бергі тірлігі осы. Таяқ тастам жерде ағып жатқан Қиғаш өзені биыл мінез көрсетіп, арнасынан асып, ауылдықтарды аяқ асты әбігерге түсірген. Қазір мұндағы әлеуметтік нысандар – мектеп пен балабақша жұмысын уақытша тоқтатып, жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар да Қиғаштың арнасын бекітуде.

-Елге қауіп төніп тұрған жоқ, бәрі халықтың күшіменен сағат 6-ға дейін осы ұстап шықты. Екі күннен бері осы мектеп дамбы салуда. Кешеден бері сабақ тоқтатылды. Мұғалімдер де бері осының басында.

Бірақ, жергілікті басшылар мұның бәрін жоққа шығарып, жайбарақат отыр. Бұлардың сөзіне сенсек, еш мекеме жұмысын тоқтатпаған, ал қауіп сейілген.

Бибоз Шаяхметов, Құрманғаз ауданының әкімі:

-Суды тоқтата алмасақ, құжаттарыңызды дайындап көшуге дайын отыруды ескерттік. Бірақ жастар жағы таңғы 4 жарымға дейін екі күн жұмыс жасады. Соның нәтижесінде елді мекенді қорғап қалды.

Қазір Қиғашқа Волгоград қоймасынан секундына 26 мың текше метр су келіп жатыр. Ал ресейліктер тоған суының 6 маусымға дейін жіберілетінін ескертіп отыр. Соған қарағанда, Қиғаштан келер қауіп әзір сейіле қоймайтын секілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.