Бас прокурор жұртты митингіге шығудан бас тартуға кеңес берді
Арандатушылардан сақ болуға шақырған Жақып Асанов рұқсатсыз көшеге шыққандардың қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылатынын тағы ескертті.
Автор: Жәудір Оразхан
20.05.2016
Бас прокурордың айтуынша, жер дауын көшеде емес, үстел басында шешуге мемлекет бар жағдайды жасады. Үкімет жанынан арнайы комиссия құрып, Жер кодексінің кемшін тұстарын жан-жақты талқыға салып жатыр. Бірақ, бұған қарамастан, тұрғындарды қарсылық акциясына шақырып, арандатып жүргендер көп екен. Сондықтан, Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі күдікті деген азаматтарды ұдайы бақылауға алған. Жұртқа кезекті рет үндеуін арнаған Бас прокурор митинг ұйымдастырғандар мен оған қатысқандардың жауапқа тартылатынын, тіпті қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін ескертіп отыр.
Жақып Асанов, Бас прокурор:
-Кейбіреулер халықтың арасына іріткі салуды жалғастыруда. Олар жер мәселесін шешу үшін арнайы комиссия құрылса да, жұртты заңсыз шеруге шығуға үгіттеп жүр. Ұлттық, әлеуметтік араздықты ушықтыратын жалған ақпараттар таратуда. Мұндай әрекеттер заңға қайшы. Азаматтарды алданып қалмауға шақырамын. Ел тыныштығы үшін әркім жеке азаматтық ұстанымына берік болуы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!