{metadescription}
0:000:00
Алматының қақ ортасында қару-жарақ сақтағандардың  арандатушылар екені белгілі болды

Алматының қақ ортасында қару-жарақ сақтағандардың арандатушылар екені белгілі болды

Жердің жайы қызу талқыланып жатқан дәл қазіргі ең өзекті тақырып. Бірақ соңғы уақыттағы жағдайға зер салсақ, мәселенің ушыққаны белгілі бір топтарға аса қажет сыңайлы. Президент жер кодексіне мараторий жариялады. Арнайы комиссия құрылып, құжаттың даулы деген тұстары жіті талқыланып жатыр. Бірақ арандатушылар бұған да қарап жатқан жоқ. Бүгін Алматыда сондай пиғылдылардың әрекеті әшкере болды. Арнайы қызмет өкілдері қаланың қақ ортасынан жанармай құйылған шөлмектер, әдейі ықшамдап кесілген арматуралар тапты. Тағы екі пәтерге атыс қарулары мен ақшаны да жасырған. 

Алматыда бүгін таң атпастан Республика алаңына жақын орналасқан Байсейітова көшесі қоршауға алынды. Шектелген аумаққа ешкім жіберілмей, ол жерді полиция қызметкерлері қарап шықты. Сөйтсе, Республика және Астана алаңының маңайынан жанармай құйылған бөтелкелер мен арматура темірлер салынған пакеттер табылыпты. Халықтың жерге деген алаңдаушылығын пиғылы бөтендер осындай құралдар арқылы пайдаланбақ болған сыңайлы. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

- Қаламыздың бес жерінде өзге біреулердің қалдырған заттарын айқындаған болатын. Дәлірек айтатын болсақ, бұл жанармай құйылған бөтелкелер, сонымен қатар темір-терсектер алдын ала дайындалған, сонымен қатар жанармай құйылған канистрлар табылған болатын.

Ел іргесін шайқалтқысы келетіндердің ендігі әрекеті одан да сұмдық. Бостандық және Алмалы аудандарында орналасқан екі пәтерден «Макаров» және «ТТ» маркалы тапаншалар, 4 «РГД-5»  гранатасы, 1 шолақ мылтық пен 5 миллион теңге табылған. Осыған байланысты, тәртіп сақшылары тұрғындарды арандатушылардың айтағына ермеуге шақырып отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Алматы қаласындағы ахуал қазіргі таңда жіті бақылау үстінде. Бұл мәліметтер жалпы қала тұрғындарынан келіп түскен. Сондықтан түсе салысымен мәліметтерді тексеруге барынша жұмылдырып, мұндай мәліметтер шын мәнінде расталған болып шықты.

Бұл жағдай заңсыз қару-жарақ сақтау дерегі ретінде тіркеліпті. Бірақ бұл арандатуға бағытталған әрекеттер екені анық. Қазір осы іске қатысы бар бес адам ұсталған. Біреуі Павлодардан, қалғандары осы өңірдікі. Барлығы да осыған дейін нашақорлық, қыз зорлау, ұрлық секілді қылмыстық істерге белшеден батқан. Олардың құйтырқы әрекеттерін арнайы сараптама әлі де анықтайтын болады. Енді, осы жәйттердің әрқайсысы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде