{metadescription}

Оралда «Абырой» ұйымы тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болған

Батыс Қазақстан облысында «Абырой» қоғамдық ұйымының жетекшілері жұртты жаппай наразылыққа үндеген. Ал өздері шеруді пайдаланып, бүлікті бастамақ болыпты. Бұл туралы ресми орындар хабарлады.

Олар қарсылық акциясын Украина сценариі бойынша өткізуді жоспарлаған көрінеді. Ұйым кеңсесінен тіпті осы елдің туы мен көтеріліс кезінде халыққа тарататын заттар табылған. Бұларға алданып, Жер тағдырына алаңдай келген адамдардың бәрі жоспар бойынша, қылмыскерлердің қолынан зардап шегу керек болған екен. Ол ойларын жүзеге асыру үшін «абыройлықтар» ішімдік пен қару-жарақтарды сақадай сай етіп дайындапты. Астана мен Батыс Қазақстан облысында мұндай тәртіпсіздікті ұйымдастыру үшін сыбайластарына нұсқаулықты Украинадағы «Правый сектор» деп аталатын ұйымның мүшесі Айдос Садықов тікелей жіберген. Бірақ олардың ойы іске асқан жоқ. Полиция арандатушылардың екеуін темір торға тоғытты.

Ал, Қарағандыда елді митингке үндеген 22 жастағы жігіт тұтқындалды. Ол халықты 21 мамыр күні алаңға жиналуға шақырып, қаладағы барлық аялдамаларға хабарламалар жабыстырған. Ұсталған азаматтан діни кітаптарға толы сөмке тәркіленді. Қазір оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, кітаптар сараптамаға жіберілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.