{metadescription}

Бас прокурор арандатушылардан сақ болуға кеңес берді

Бас прокурор жұртты митингіге шығудан бас тартуға кеңес берді. Арандатушылардан сақ болуға шақырған Жақып Асанов рұқсатсыз көшеге шыққандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын тағы қатал ескертті.

Бас прокурордың айтуынша, жер дауын көшеде емес, үстел басында шешуге мемлекет бар жағдайды жасады. Үкімет жанынан арнайы комиссия құрып, Жер кодексінің кемшін тұстарын жан-жақты талқыға салып жатыр. Бірақ, бұған қарамастан, тұрғындарды қарсылық акциясына шақырып, арандатып жүргендер көп. Сондықтан, Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі күдікті деген азаматтарды ұдайы бақылауға алған. Жұртқа кезекті рет үндеуін арнаған Бас прокурор митинг ұйымдастырғандар мен оған қатысқандардың жауапқа тартылатынын, тіпті қылмыстық іс қозғалуы  мүмкін екенін ескертіп отыр. 

Жақып Асанов, Бас прокурор:

-Кейбіреулер халықтың арасына іріткі салуды жалғастыруда. Олар жер мәселесін шешу үшін арнайы комиссия құрылса да, жұртты заңсыз шеруге шығуға үгіттеп жүр. Ұлттық, әлеуметтік араздықты ушықтыратын жалған ақпараттар таратуда. Мұндай әрекеттер заңға қайшы. Азаматтарды алданып қалмауға шақырамын. Ел тыныштығы үшін әркім жеке азаматтық ұстанымына берік болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.