Петропавлда Винокуровтың жейдесі жарты миллион теңгеге сатылды
Петропавлда аукцион арқылы боксшы Жанат Жақияновтың қолғабы мен Александр Винокуровтың жейдесі саудаға түсті. Былғары қолғап 250 мыңға, ал олимпиада чемпионы киген футболка 500 мың теңгеге өткен. Ерекеше ұйымдастырылған бәс сауда қайырымдылық керуені шеңберінде жүзеге асырылды. Енді, қос спортшының заттарынан түскен қаражат сырқатқа шалдыққан балаларға жұмсалмақ.
Автор: Ұлан Нұрахмет
23.05.2016
Аукцион түріндегі қайырымдылық шара Петропавлда тұңғыш рет өткізіліп отыр. Бәс сауда барысында қазақтың қара жорғасы мен жұптық би де орындалды. Онда ұлттық нақышта бір келкі костюм киінген бишілер жұрттың таңданысын тудырды.
Диляра Сабырова, хореограф:
-Біз қайырымды жандарды іздеуге мәжбүр болдық. Атап айтқанда, үйлену салондарын араладық. Соның нәтижесінде ең әдемі 40көйлекті тегін алдық.
Қайырымдылық шарасына қатысқан бишілердің 40 жұбы бұған жарты жыл дайындалған екен. Тіпті, қыздар кастинг арқылы іріктеліп алынған. Олармен биге шыққан ұлдар әскери оқу орнының курсанттары. Сондықтан оларға киім жағынан ешқандай қиындық болмаған көрінеді. Аукционға ұласқан шарада велошабандоз Александр Винокуровтың жейдесі мен әйгілі боксшы Жанат Жақияновтың қолғабы сатылымға шығарылды.
Әсемгүл Есқожа, ұйымдастырушы:
-Біз Александр Винокуровтың ата- анасына хабарластық. Олар, бізге спортшы ұлдарының кимін жеткізіп берді. Ал, Жанат Жақияновтың өзі былғары қолғабын ұсынды.
Бәс сауда шеңберінде боксшының қолғабы 250 мыңға, ал велошабандоздың жейдесі бұл бағадан екі есе қымбатқа сатылды.
Сырқатқа шалдыққан үш баланың ем-домы үшін ұйымдастырылған аукционнан, жалпы 2 млн теңге табыс түсті. Оған қатысушылар жалғыз қоғап пен жейдені ғана емес, картинкаларды да қымбат бағаға сатып алған. Тіпті қейбіреуі қомақты қаражат жұмсағанымен заттарын алмай кетіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!