{metadescription}

Таразда «Бала дауысына» жүздеген жас талант қатысты

Таразда ең үздік жас әншіні анықтау мақсатында байқауы өтіп жатыр. Жалпы саны үш жүзге жуық жас талант «Бала дауысы» атануға үмітті. Бүгін таңнан кезекке тұрған жеткіншектер білікті мамандардың сынынан өтті. Ал, жобаны «Жандану әлемі» және Тұңғыш Президент қорлары балаларға арналған жаңа әндерді көбейту үшін ұйымдастыруда. 

Жас әуесқой әншілер қобалжулы. Өйткені тіс қаққан мамандардың сынынан өту оңай емес. Кейбірі айнаға қарап дайындықтарын пысықтап жатыр. Тіпті осы сайысқа түсу үшін түнімен кірпік ілмей шыққандары бар екен. Ал, іштегі іріктеуден гөрі даладағы жарыс қыза түсуде.

Бұл жоба бұрынғыдан өзгерек. Кастинкке 7 мен 13 жас аралығындар қатыса алады. Іріктеудің бірінші күні жалпы саны үш жүзге жуық жеткіншек қатысқан. Алайда, қазылар алқасы арасынан ең жарқын өнер көрсеткен 30-ын таңдап, ертең біреуіне ғана жолдама бермек. Ал, көптен оза шабу үшін үміткерлер барын салуда.

Еркеайым Әбуәлі, Байқауға қатысушы:

-Джесси Джейдің «Прайс таг» әнімен және де «тек алға» деген Маржан Арапбаеваның әнін айттым.Өзімнің көңілімнен шықты, қазылар алқасы риза болғандай көрінді.

Бүгін кешке іріктеудің қорытындысы айтылуы тиіс, соның нәтижесін барлығы тағатсыздана күтіп жүр. «Бала дауысы» жобасы «Жандану әлемі» қоры мен Тұңғыш Президент қорының қолдауымен жүзеге асып жатқанын айта кетейік. Осылайша ұйымдастырушылар жас әнші мен әндердің шығуына сеп болмақ ниетте.

Мұрат Исаханов, «Жандану әлемі» қорының басқарма төрағасы:

-«Бала дауысы» бұл тек балаларға ғана арналған байқау емес, бұл жас композиторларға да арналаған байқау. Осы мамырдың 24 бастап, республикалық жас композиторлар сайысын өткіземіз.

Арғы күні қазылар алқасы Шымкентке аттанады. Сөйтіп 16 аймақты түгел аралап, 16 үздік жас өнерпазды таңдайды. Кастинг аяқталған соң сүзгіден өткен жас әншілер шеберліктерін шыңдау үшін екі апта бойы білікті мамандардан сабақ алады. Ал, финал қазан айының соңында КТК арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі деп жоспарлануда. Жеңімпазға қомақты сыйы да бар. Осы іріктеудің жарқын сәттерін біздің арнадан «Бала дауысы» күнделігінен көре аласыздар.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.