{metadescription}

Елімізде 1 миллионнан астам әйел бала тууға қабілетсіз

Яғни, ерлі-зайыптылардың 20 пайызы бедеуліктің зардабын тартуда. Бұл көрсеткіштен шошыған отандық дәрігерлер дертпен күресудің жаңа тәсілдерін енгізіп жатыр. Мамандар тұрақты емнің арқасында небәрі 1 жарым жылдың ішінде келіншектерге бала сүю мүмкіндігін сыйлауға болады деген сенімде.

Елімізде бедеуліктің белең алуы, әсіресе, ақ халаттыларды алаңдатып отыр. Себебі, бала туа алмай жүрген әйелдер саны миллионнан асып барады. Бірақ,солардың көбі дәрігер емес, халық емшілерін аралап кетеді екен. Осылай, ауруын асқындырып алғандар көп. Қазір отандық медицина бедеулікпен күресуге қауқарлы. Мәселен, осы саладағы білікті маман Сәдуақас Мұстафаев талай отбасына сәби сүю бақытын сыйлаған.

Сәдуақас Мұстафаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

- Нәтижеміз өте жақсы. Мысалы, 5 адам болса, салыстырмалы түрде. Соның үшеуі бала көтереді, 1 жарым жыл 2 жылдың ішінде.

Бедеулікті емдеуге мүмкіндік алған мамандар, науқастардың ішкі ағзаларына тиіспей де ота жасай алады. Әсіресе, жатыр сақтап қалу операциялары оң нәтиже беруде. Мұнымен отандық медицинадағы жетістіктер бітпейді. Бір ғана наркоздың көмегімен бірнеше операцияны қатар жасай аламыз дейді дәрігерлер.

Сәдуақас Мұстафаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

- Арнайы келісіліп, бір уақытта, жасау біздің клиникада бірінші рет басталды, Қазақстанда. Сөйтіп, мысалы, көп адамдарға бір уақытта, бір наркозбен бірнеше органды, бірнеше операцияны өткізіп, құтылып кетуіне, денсаулығын сақтауына мүмкіншілік туады.

Яғни, қайта-қайта пышаққа түспей, бір оқпен бірнеше қоянды атуға болады. Айта кетсек, мұндай отаның енгізілгеніне 3 жылдан асқан. Сондықтан мамандар сырқат белгісі пайда болғанда-ақ бақсы-балгерді жағаламай, медицинаға жүгінуге шақырып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.